|
Жауарлар әлемі: Петропавлда сүңгуірлер 6 аққуды құтқарды (фото)
|
Петропавлда сүңгуірлер облыс орталығы маңындағы көлдердің бірінде 6 аққуды құтқарды. Жылы жаққа ұшу үшін құстар әзірге әлсіздеу, сондықтан мұздар арасында өлуі мүмкін болды.
Аққулар жергілікті қорықшыларға тапсырылды.
«Петропавл қаласының маңында бүгін 6 аққуды құтқардық. Олар күн суытқанға дейін оңтүстікке ұшуға күш жиып үлгермеді. Кейбіреулерінің қанаттары зақымданған. Құстар құтқарылған соң қорықшыларға тапсырылды. Шараға 5 құтқарушы жұмылдырылды», - деді СҚО ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Андрей Морозов.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр