|
ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ АУЫР ҚЫЛМЫС САНАТЫНА ЖАТҚЫЗЫЛАДЫ
|
Притон ұстау мен жеңгетайлық ауыр қылмыс санатына жатқызылмақ. Бұл туралы 24kz ақпарат көзі хабарлады.
Бұл Мәжілісте "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасында көзделген. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.
Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің айтуынша, Қылмыстық кодекске "адам саудасымен байланысты қылмыстар" ұғымы енгізіледі. Сондай-ақ, қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру және жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі көрсетілген. Сонымен қатар, баланы балалар үйіне немесе медициналық ұйымдарға қалдырып кеткен жағдайда мекеме қызметкерлері дереу құзырлы орындарға хабарласуы қажет. Хабарын бермеген жағдайда, жауапқа тартылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді