«Жиһадқа» шақырған Орал тұрғыны 6 жылға сотталды
«Жиһадқа» шақырған Орал тұрғыны 6 жылға сотталды
9 жыл бұрын 2566

Діни сенімін радикалды бағыттан іздеген Қайрат есімді Орал азаматы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл жайында E-ISLAM ақпарат көзі хабар таратты.

Өзіне «Шейх Қайрат» деген лақап ат қойып алған азамат бүгінде лаңкестердің ойын алаңына айналған Сирия аумағындағы қарулы «жиһатқа» жергілікті жамағатты шақырған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасының қорытындысында Қайраттың сөздерінде және одан табылған діни мазмұндағы материалдарда терроризмді насихаттау белгілері бар екені анықталды.

«Сотталушы өз жамағатының санасын улап келген, салдарынан бірнеше облыс тұрғыны Сирия аумағына өтіп, онда Ирак және Леванта (ИГИЛ) Ислам мемлекеттері террористік топтарының қимылдарына қатысып жатыр, оларға да қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді ведомсвта өкілдері.

Орал қалалық сотының үкімімен Қайратқа тиесілі мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.  Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.

0 пікір
Мұрағат