Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
2 сағат бұрын 55 naryk.kz

Қазақстанда исламдық ипотеканы биыл іске қосуы мүмкін. Бұл туралы naryk.kz сайты Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Отбасы банк басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың мәлімдемесіне сілтей отырып хабарлады. 

Оның пікірінше, исламдық ипотека елде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін. Бұған дейін Отбасы банк өкілдері Пәкістанға барып, сол елдегі ең ірі әрі алғашқы ислам банкі – Meezan Bank Limited-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Қазір Отбасы банк исламдық ипотеканы реттейтін заңнамаға өзгерістер әзірлеген. Бұл түзетулер бес мүдделі мемлекеттік органмен келісілген және қазір Парламенттің Мәжілісіне жіберілген.

Ибрагимованың айтуынша, егер депутаттар оны мақұлдаса, исламдық ипотека 2026 жылы беріле бастауы мүмкін. Алайда, оның нақты шарттары әзірге айтылған жоқ. Банк Малайзиядағы исламдық ипотека өнімдерін зерттеп жатыр.

Сонымен қатар, алғашқы жарна мөлшері әртүрлі болуы мүмкін – шамамен 20–50% аралығында. Исламдық ипотека басқа бағдарламалардан бөлек берілетін болады.

0 пікір
Мұрағат