Криптотеңге — теңгеге байланған стейблкойн пайда болды
Криптотеңге — теңгеге байланған стейблкойн пайда болды
2 ай бұрын 874 naryk.kz kaz.inform.kz Руслан Ғаббасов. Фото: Canva

Қазақстанда алғаш рет ұлттық валютаға – теңгеге байланған стейблкоин шығарылды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жаңа құрал криптовалюталарды айырбастауға және криптокарталар арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.

«Стейблкоин – қаржы әлемін түбегейлі өзгерткен төлем және қаржылық құрал. Ол алғаш рет іске қосылып отыр. Intebix, Solana және Mastercard компаниялары, сондай-ақ, Еуразиялық банкпен бірлесіп теңгеге байланған стейблкоин жобасын жүзеге асырудамыз», – деді Сүлейменов.

Биыл Ұлттық банк цифрлық активтер бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, нақты құқықтық база қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір құмсалғыш режимінде сегіз пилоттық жоба тестіленуде. Олардың ішінде теңгелік стейблкоин; жылжымайтын мүлікті токенизациялау; нақты сектордағы басқа да активтерді цифрландыру бар.

Бұл жобалар ұлттық қаржы жүйесін әртараптандыруға және жаңа технологияларды заң аясында сынақтан өткізуге бағытталған.

Стейблкоиндер – құны тұрақты активтерге (валюта, алтын, биржалық индекстер) байланған криптовалюталар. Сондықтан олардың құны құбылмалы емес. Сарапшылардың пікірінше, теңгелік стейблкоин ішкі нарықта криптосауданы дамытуға, төлем инфрақұрылымын кеңейтуге және ұлттық валютаның цифрлық интеграциясын жеделдетуге ықпал етуі мүмкін.

Теңгеге байланған алғашқы стейблкоинді қайдан алуға болады

KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңгеге байланған алғашқы стейблкоинді қайдан және қалай алуға болатынын түсіндірді. 

Оның атуынша, криптотеңгені сату алу сервистері енді ғана дамып келеді.

— Стейблкоин-теңгені осы жобаның негізгі қатысушы Еуразиялық банк арқылы сатып алуға болады, ал цифрлық әмиянды Intebix биржасында ашу мүмкіндігі бар. Төлем болған жағдайда, яғни криптотеңге сатып алсам, енді криптотеңге арқылы кез келген криптоактивті сатып ала аламын. Бұл тұрғыда биткоин немесе басқаларын айтып тұрмын, — деді Б. Шолпанқұлов. 

Осы орайда ол биыл маусым айында Ұлттық банк криптокартаны іске қосып жатқанын мәлімдегенін еске салды

— Неліктен осында Mastercard қатысып жатыр? Біз крипто-фиат арналарының қамтамасыз етілгенін айтып отырмыз. Егер сіздің шотыңызда криптоактив түріндегі ақшаңыз болса, оны Қазақстан Республикасы аумағында криптокарталар арқылы кез келген нәрсеге жұмсай аласыз. Сонымен қатар, керісінше теңгемен криптотеңгені сатып алғанда, Solana және Intebix сияқты инвестициялық платформалардан басқа да активтерді сатып алуға болады, — деді ҰБ басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды. 

Қазақстандықтар алғашқы стейблкоинді қайда пайдалана алады

KAZINFORM —Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева теңгеге байланған стейблкоинді пайдалану мүмкіндігі жайында түсіндірді.

Оның сөзіне қарағанда, стейблкоинді пайдаланудың негізі мақсаты — халықаралық төлемдер мен аударымдар. 

— Бұл қаржы операциялары өте жылдам жасалады. Ол үшін стейблкоин жобасы жүзеге асырылды, яғни стейблкоин қызметтерінде нан мен су сияқты күнделікті алатын тауар үшін төлеудің қажеті жоқ. Бұл үшін бізде кәдімгі теңге бар және бұл қарапайым есептеу әдісі саналады. Бұл цифрлық валюта болғандықтан, оны неғұрлым күрделі қызметтерде — басқа елге халықаралық аударымдарда қолданған дұрыс. Мәселен, қызыма ақша аударғым келсе, өз әмиянымды стейблкоинмен толтырып, биржаға тапсырыс бере аламын. Осыдан кейін бұл қаражат Америкаға аударылады да, АҚШ-та жүрген балам доллар күйінде алады, — деді Ләззат Сатиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды. 

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңгеге байланған алғашқы стейблкоинді қайдан және қалай алуға болатынын түсіндірді. 

Руслан Ғаббасов

0 пікір
Мұрағат