|
Лицензиясынан айырылған «Казинвестбанкте» қазақстандықтардың зейнетақы жинағы сақталған
|
БЗЖҚ қаржы ұйымының депозитінде 3 миллиардқа жуық қаржы бар. Оның зейнетақы қорына қайтарылатыны әлі анық емес.
Kapital.kz мәліметінше, желтоқсан айының басында “Казинвестбанк” 2 млрд 900 млн теңге құйылған. Пайыз үлесімен бұл зейнетақы қорының 0,04 пайызы ғана. Банк мәселесін біле тұра, онда депозитті қалай ашқаны белгісіз. Анығы, оның былтырғы жылдың басында ашылғаны. Ол кезде Ұлттық экономиканы Ерболат Досаев басқарды. Сәуір айныда ол акционер есебінен шығып, мамыр айында қызметінен кетті. Зейнетақы қоры кепіл болатын салымға түсе ме, жоқ па, әлі анық емес. Сарапшылардың айтуынша, заңнама салымдарына кепілдік беру қоры тек жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің депозиттерін өтеуге тиіс. БЗЖҚ оның ешбіріне жатпайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады