Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады
Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады
2 сағат бұрын 34 24.kz

Енді Моңғолиядан келген қандастардың зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алатынын хабарлады 24.kz 

Отанына оралғандарға әлеуметтік қолдау көрсететін құжат сенатта мақұлданды. Бастама екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қамтамасыз етуге, еңбек өтілін есепке алудағы құқықтық тетіктерді құруға бағытталған. Мұнымен қоса, Қазақстан мен Моңғолия арасында жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа формасы көзделген.

Амангелді Есбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Ынтымақты зейнетақы саласында еңбек өтілін өзара тану, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңдері мен арнаулы білім беру ұйымдарында оқу уақытын еңбек өтілігіне есепке алу тетіктерін қарастырылады. Бұл Азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттік аумағында пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған.



 

0 пікір
Мұрағат