|
Қажылыққа екпесіз жібермейді
|
Сауд Арабиясында коронавирустың өршіп тұруына байланысты елімізден қасиетті сапарға аттанатындар сақтық үшін екпе ектіруі керек. Онсыз қажылыққа жібермейді. Сауд Арабиясында жүзден аса адамның түбіне жеткен індеттен сақтанудың ең сенімді жолы осы. Бұл індетке қарсы вакцина әлі табылған жоқ, алайда, менингитке (ми қабынуына) қарсы екпемен сақтануға болады. Қажылыққа барғысы келетіндер сан соғып қалмасы үшін алдын ала қамдануы тиіс. Қажылық маусымы қыркүйек айының 27-і күні басталады. Биыл еліміз үшін 5 мың қажылық квотасы бөлінді. Екпе ектіргені туралы тиісті орындардан анықтамасы жоқ адамдарға виза ашылмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады