|
Қарттарға арнаулы бағдарлама жасалады
|
"Қарты бар үйдің қазынасы бар". Біздің ел қариялардың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді жоспар әзірлейді, деп хабарлады 24.kz
Бұл бағдарлама 2029 жылға дейін іске асады. Қазір тиісті стандарттар әзірленіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: "Қарттардың өмір сапасы білім беру және әлеуметтік белсенділік арқылы арттырылады", - дейді. Сондай-ақ, егде тартқан жандардың мәселелерін қарайтын ведомствоаралық комиссия құрылады.
Қазір елдегі 60 жастан асқан азаматтар саны 3 млн-ға жуықтайды. Бір жылдағы өсім 3,7 пайызға тең. Мамандар мұны халықтың өмір сүру ұзақтығымен байланыстырады. Ендігі мәселе елде заманауи және тұрақты зейнетақы жүйесін дамыту.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
■
Әлеуметтік желідегі бүркеншек парақшалар бұғатталады
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді