|
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 ел қатарына енеді
|
Биыл Қазақстан экономикасы дамыған әлемдегі ең үздік 50 елдің қатарына енеді, деп хабарлады 24.kz
Бұндай болжамды белгілі Халықаралық валюта қоры жасап отыр. Ұйым еліміздің экономикасы 4,8-ден 5,4%-ке дейін өседі деп сенеді. Бұл көрсеткіш орташа әлемдік қарқыннан айтарлықтай жоғары. Ал халықаралық валюта қорының болжамы жайлы сарапшылардың пікірі қандай?
Халықаралық валюта қорына әлемнің 190-ға жуық елі мүше. Жаһандық деңгейде мойындалған абыройлы әрі беделді ұйым. Дәл осы қордың Қазақстанға қатысты жасаған жорамалы елді бір қуантып тастағандай. Ұйымның болжауынша, жалпы ішкі өніміміздің жинағы 320 млрд долларға жуықтайды. Нәтижесінде Қазақстан экономикасы ең жоғары 50 елдің тізіміне енеді.
Бауыржан Ысқақ, экономист: - Шағын және орта бизнес. Жақында қабылданған салық кодексі, оның алдындағы банк туралы заңның өзі халықты тұтынушылықтан гөрі экономиканы, корпоративтік секторды несиелендіруге бағыттауының өзі де бұл да біздің сыртқы мемлекеттердің алдындағы экономикалық жақсы потенциалымызды көрсетіп отыр.
Қордың жасаған болжамы жүзеге асатынына сарапшылар да сенеді. Өйткені, экономикамыздың қарқын алуына себеп көп. Соның бірден бірегейі инвестиция. Президент сапарлаған АҚШ, Ресей, Қытаймен, Жапония сынды алпауыт мемлекеттермен жүргізілген келсіссөздер осыған дәлел.
Исатай Қамбаров, экономист: - Бізде бұрын тап осындай Жапониямен тығыз байланыс болған жоқ. Өйткені, жапонияның қарым-қатынасы мүлде өзгеше мемлекеттерге. Кездесуде Тоқаевпен көп сенімді инвестицияға қатысты мәслелер талқыланды. Және көлемді инвестиция тарту мүмкіндіктері ашылып отыр.
Қазақстанның геостратегиялық орналасуы да экономикалық өсімге оң әсерін тигізуде. Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде біздің еліміз тек шикізат экспортынан ғана емес, ішкі нарық пен инвестициялық белсенділіктің артуынан да пайда көруде. Экономикамызды әрі қарай дамыту үшін ең маңызды факторлардың бірі инновациялық технологиялар мен жаңа секторларды дамыту дейді сарапшылар.