Қазақстан Экономикалық еркіндік индексінде 52-орында
Қазақстан Экономикалық еркіндік индексінде 52-орында
8 жыл бұрын 2594 inform.kz

Қазақстан канадалық Фрейзер институты (Fraser Institute) жариялаған экономикалық еркіндік индексінде 159 ел арасында 52-орынға ие болды.

Ағымдағы жылы рейтингте бастапқы орындарда Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Алғашқы ондықты Австралия мен Ұлыбритания аяқтайды.

Қазақстан рейтингте Қырғызстан (70), Молдова (99), Ресей (102), Әзербайжанды (107) озып 52-ші орынға ие болды. Украинаны сарапшылар 135-ші орынға қойды.

Экономикалық еркіндік индексі - жыл сайын "Wall Street Journa"l газеті мен "Heritage Foundation" зерттеу орталығы есептейтін әлемдік елдер бойынша көрсеткіш.

Экономикалық еркіндік талдауы 1995 жылдан бері өткізіледі. 2016 жылда рейтингке 170 ел қатысты, алайда сандық көрсеткіштерге 166 ғана ие болды. Сарапшылар төрт мемлекет - Ауғанстан, Ирак, Лихтенштейн мен Ливияға шынайы статистикалық ақпараттың жоқтығынан сандық көрсеткіштерді ұсына алмады. Рейтингте бірінші орында Гонконг.

Экономикалық еркіндік индексі әр елдегі еркіндіктің 10 индикаторын есепке алып жүргізіледі.

0 пікір
Мұрағат