|
Қазақстан тоқыма өнімдерін қай елдерге сатады?
|
2018 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан жалпы құны $43,1 млн болатын 24,7 мың тонна тоқым бұйымдары мен материалдарын экспортқа шығарды, деп хабарлайды LS.
2017 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда заттай түрде өнім жеткізу 12,6%-ға артып, ал қаражат түрінде 40,2%-ға азайған.
Қазақстан өнімдері ең үлкен көлемде жеткізілетін елдер көшін Латвия (құны $9,8 млн 5,9 мың тонна) және Молдова (құны $11,1 млн 6,5 мың тонна) бастап тұр.
Сонымен қатар, Ресейге 4,1 мың тонна ($6,6 млн), Қытайға 4,2 мың тонна ($6,4 млн), Түркияға 1,6 мың тонна ($2,6 млн), Өзбекстанға 654,2 тонна ($881,5 мың) өнім жіберілген.
Литва 651,1 мың тонна ($1,9 млн), Италия 160,1 тонна ($584,8 мың) Қазақстан тоқыма бұйымдары мен материалдарын сатып алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы