Қазақстанда «Алтын виза» енгізілді
|

Қазақстанда «Алтын виза» енгізілді, деп хабарлайды 24kz.
Яғни, 10 жылға дейін елде тұруға рұқсат беру мүмкіндігін көздейтін инвесторлық виза алудың жаңа қағидалары бекітілді. Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға кемінде 300 000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары инвесторлық визаны ресімдей алады. Ол үшін электронды өтініш беруге мүмкіндік бар. «Алтын визалар» шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі болжамды орта қалыптастыруға септігін тигізеді. Жаңа бастама еліміздің капиталды қорғауға және тұрақты халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарын көрсетеді. Мұндай визалық бағдарламалар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр
KAZINFORM – Өзбекстанда 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бес жыл мерзімге тұруға рұқсат алудың оңтайланған тәртібі енгізіледі. Бұл норма президенттің 18 сәуірдегі жарлығында бекітілген, деп хабарлайды Gazeta.uz республиканың Әділет министрлігіне сілтеме жасап.
– Құжатты алу үшін өтініш беруші 200 мың АҚШ долларын, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесі – жұбайы, балалары мен ата-анасы үшін 100 мың доллардан төлеуі керек, – делінген хабарда.
Республика билігі осылайша елге жаңа инвестиция тартуға үмітті.
Елде тұру ықтиярхаты – азаматтығы жоқ адамның немесе шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын, Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсатты растау үшін берілетін құжат.
18 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бизнес үшін салық жеңілдіктерін енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, президент жарлығымен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру туралы анықтаманы ақылы түрде беруді жеңілдету қарастырылған.
Айта кетейік, Өзбекстан SpaceX компаниясымен бірлесіп ғарышқа өз спутнигін ұшырмақ.
Жарасқан Нұрыбаев




