|
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
|
Елімізде діни наным-сенімге байланысты әскери қызметтен бас тартуға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада діни себептерге байланысты әскери қызметтен босату қарастырылмаған. Мұстабеков егер мұндай ерекшеліктерге рұқсат берілсе, кез келген шақырылушы өз наным-сеніміне сілтеме жасап, қызметтен жалтаруы мүмкін екенін атап өтті.
«Біздің заңда да діни себептермен әскери қызметтен бас тартуға болады деген норма жоқ», - деді ол.
Сондай-ақ, журналистер Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтен әскери қызметтегі сарбаздарға діни ғибадаттарын орындауға мүмкіндік беріле ме деп сұрады.
Вице-министрдің айтуынша, әскери бөлімдерде мұндай тәртіп қарастырылмаған. Оның сөзінше, әскерге шақырылған азаматтар бекітілген күн тәртібі мен жарғы талаптарына сәйкес қызмет атқарады.
«Бұл біздің күн тәртібімізде жоқ. Әскерге келген әрбір жас сарбаз әскери бөлімнің белгіленген тәртібі бойынша қызмет етеді. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Конституцияға сәйкес, дін әскери сала мен саясаттан бөлек болуы тиіс. Қарулы күштер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ерекше институт болғандықтан, оның қызметі де жеке қағидаттармен реттеледі», - деді Асқар Мұстабеков.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Тұтас құрлық қояндардан көресіні көріп отыр