Қазіргі таңда елімізде жүз миллионнан аса тонна қоқыс жиналып қалған. Бұл жайында ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай баспасөз мәжілісі кезінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.
|
Қазақстанда жиналып қалған қоқыс қанша млн тоннаны құрайды
|
«Ең көп қоқыс Алматы облысында жинақталып қалған. Одан кейін Түркістан, Қостанай облыстары тұр, Астана қаласында да аз емес», - дейді Сәбит Нұрлыбай.
Өз кезегінде қоршаған ортаны үйіліп қалған қоқыстан қорғау үшін елімізде нақты шаралар қолданылуда. Бірінші қаңтардан бастап полигондарға қоқысты іріктемей тастауға тиым салынады.
«Жаңа жылдан бастап іріктелмеген қоқысты полигонға апаруға тиым салынады, сондықтан қатты тұрмыстық қоқыстар іріктеледі. Қазір бизнес бұл саланы инвестициялауды қарастырып жатыр. Алдағы уақытта қоқысөңдеу зауыттары ашылады», - дейді KazWaste қоқыстарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық басқармасының төрағасы Шынболат Байқұлов.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды