|
Қазақстанда жұмыстан шыққандар саны көп
|
2017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындар және ұйымдардан түрлі себептермен 200,0 мың адам жұмыстан кетті. Ал қабылданғандар саны - 189,5 мың адам. Бұл туралы “The Qazaq Times” ақпарат көзі статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандардың үлесі - 77,4%. 6,8%-ы қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан босатылған. Басқа себептер бойынша қызметтен кеткендер 15,8%-ды құрайды. 2017 жылғы төртінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 27,3 мың бос орын мәлімдеген. Жұмыстан шығарылған қызметкерлер саны көп өңірлер: Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті