Қазақстанда қанша егіздер мен үшемдер дүниеге келді?
Қазақстанда қанша егіздер мен үшемдер дүниеге келді?
7 жыл бұрын 5929

Қазақстанда 2016 жылы дүниеге келген егіздер мен үшемдердің саны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, 2016 жылдың 9 айында 2 139 егіз (4 278 сәби) бен 26 үшем (78 сәби) дүниеге келген.

Айта кетейік, дүниеге келген егіздер мен үшемдердің саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр.

"ОҚО-да дүниеге келген егіздердің саны - 579 сәби, Алматы облысында - 502 сәби, ал Астанада - 443 сәби", - делінген ведомствоның редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, комитеттегілер Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсысында үш үшемің дүниеге келгенін айтып өтті. 

Еске салайық, биыл тамыз айында Ақтауда үшем дүниеге келген болатын. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жаңа туған үшемге бір ай бойы қараған еді.

0 пікір
Мұрағат