|
Қазақстандағы кедейлік шегі белгіленді
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегін бекітті. Бұл туралы egov.kz порталында хабарланды.
Оған сәйкес, өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалады. Осы жылдың қыркүйегінде ҚР-да күнкөріс минимумы 23 мың теңгені құрағанын ескерсек, кедейлік шегінде айына 9 200 теңгеден аз табатын азаматтар өмір сүреді.
Айта кетейік, статистика комитетінің дерегі бойынша, Қазақстан Республикасындағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2016 жылдың 2 тоқсанында 2,6% құраған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты