Қазақстандықтардың жартысынан көбі зейнетақы жинағының болашағына сенбейді
Қазақстандықтардың жартысынан көбі зейнетақы жинағының болашағына сенбейді
9 жыл бұрын 2470 7kun.kz

Қазақстандықтардың 43%-ы «зейнетақы қорына салып жатқан ақшаларымды болашақта алатыныма күмәнім бар» деген пікірде. Республика тұрғындары арасында өткізілген сауалнама қорытындысы осындай болды деп жазады DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы. 

Қордағы қаржысының болашағына сенімсіз болған респонденттердің көпшілігі  (51%) 30-39 жас аралығындағы азаматтар. Аймақ бойынша алсақ, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 70%-ы және Маңғыстау облысы халқының 72%-ы болашақта қазір жинап жатқан ақшаларын зейнетақы түрінде алатынына аса сенбейді.

Қазақстандықтардың 41%-ы зейнет жасына жеткен азаматтың зейнетақыны тұрақты түрде алып отыратынына сенеді. Сонымен қатар, респонденттердің 16%-ы бұл ақшаның көп бөлігі түбінде біреулердің қалтасына түседі деп жауап берген.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесін сауалнама қатысушыларының 35%-ы қолдайды екен. Ал, 31%-ы бұл пікірге қарсы шықты. Олардың пікірінше, «еліміздегі зейнетақы жүйесін толықтай өзгерту керек. Себебі, қазіргі модель өзін-өзі ақтамайды». 34% респонденттер бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1963 адам қатысқан. Оның ішінде әйелдер – 82%, ер азаматтар – 18%.

0 пікір
Мұрағат