|
Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері белгілі болды
|
"Forbes Kazakhstan" басылымы Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің тізімін жариялады.
Рейтинг авторларының айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлердің байлығы соңғы бес жылда алғаш рет қысқарған. Бұл көрсеткіш былтыр 25,519 миллиард доллар болса, биыл 21,652 миллиард долларға дейін түсті.
Тізімде Болат Өтемұратов бұрынғыдай көш бастап тұр. Оның байлығы 2,4 миллиард долларға бағаланды. Екінші орынды Тимур Құлыбаев және Динара Құлыбаева алды. Олардың әрқайсысының байлығы 2,1 миллиард долларға бағаланды. Ең бай қазақстандықтардың тізімінде төртінші орында 1,8 миллиард доллар байлықпен Әліджан Ибрагимов тұр. Айта кетейік, Кеңес Рақышев 718 миллион доллар байлықпен жетінші орынды алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Tether алтын белгісі (XAU ) шариғат талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады