Қазақстанның қаржы нарығында криптовалюта айырбастайтын ойыншылар пайда болады
Қазақстанның қаржы нарығында криптовалюта айырбастайтын ойыншылар пайда болады
5 ай бұрын 577 kaz.inform.kz naryk.kz

KAZINFORM – Қазақстанда криптовалюта айырбастау қызметтерінің провайдерлері пайда болады. Бұл туралы AFSA (Астана халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті) лицензиялау және қаржылық технологиялар кеңсесінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев мәлім етті.

- Мамыр айында Ұлттық банк мемлекеттік органдармен бірлесіп цифрлық активтер айналымының құқықтық негізін қалыптастыратын заңнамалық түзетулер дайындады. Осы түзетулер аясында құқықтық мәртебесін айқындалған цифрлық қаржы активтерін іске қосу жоспарлануда. Нарық қатысушыларының жаңа санаты – криптовалюталарды айырбастау қызметтерінің провайдерлері енгізіледі. Лицензияланған криптоайырбастаушылар нарықты ашық етуге алғашқы қадам болмақ, - дейді ол.

Binance Kazakhstan бас менеджері Нұрхат Көшімов болашақта қаржыны «дәстүрлі» және «цифрлық» деп бөлу біртіндеп жойылуы мүмкін екенін айтады.

- Азаматтар бұрын артылған қаражатын жылжымайтын мүлікке, акциялар мен облигацияларға ғана салса, қазір олардың қатарына цифрлық активтер қосылды, - дейді сарапшы.

Ресми мәлімет бойынша, жылдың бірінші тоқсанында Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы 1,7 млрд доллардың цифрлық активі транзакцияланған.

Бұға дейін KASE төрағасы Әділ Мұхамеджанов та Қазақстан қор биржасында цифрлық теңге қолданылуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Есімжан Нақтыбай

Криптовалютаға инвестиция салуға бола ма — ҰБ төрағасының жауабы

KAZINFORM — Криптовалютаның түсінікті, қарапайым құрал болудан ауылы әлі алыс. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

— Крипто, криптовалюта дегенді жиі естіген кезде адамдардың бойында ол сиқырлы таяқша сияқты, инвестиция салу керек, бәрі жақсы болады дегендей әсер қалыптасады. Оған түрлі алаяқтар мен пирамидалар да түрткі болып отыр. Осы орайда пайдаланып, қалай дегенде де бұл актив қаржылық тұрғыда да, ашықтығы, тұтынушылардың құқығын қорғау тұрғысында да барынша күрделі екенін айтқым келеді. Ол депозит сияқты емес. Банкке барып депозит ашасың, саған 3 ай, 1 жылға мөлшерлеме белгілейді. Ол жерде бәрі түсінікті және бәрі соған үйреніп қалған. Криптовалютаның түсінікті, қарапайым құрал болудан ауылы әлі алыс, — деді ол.

ҰБ төрағасының пайымынша, криптовалютамен не қалайтынын, оны қалай қалайтындығын жақсы білетін тәжірибелі инвесторлар айланысуы тиіс.

— Ал қарапайым, орта инвестор оны депозит ретінде қарастырмауы тиіс. Бұл сіздің құқығыңыз, таңдауыңыз. Дегенмен, ең алдымен материалдық бөлігін зерделеп алып, содан кейін инвестиция салған жөн сияқты, — деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін криптовалютаны азық-түлік сатып алуға мүмкіндік беретін СryptoCity жобасы іске қосылатындығын жазған едік.

Марлан Жиембай

Банктер крипто карталар бере бастайды
2025 жылғы 3 маусым күні Алматыда Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының цифрлық активтер индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында банктер, криптобиржа мен финтех компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Сол алаңда токенизация мен цифрлық активтерге негізделген инновациялық қаржылық сервистерді іске қосу жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ цифрлық активтерді елдің қаржы жүйесіне интеграциялау және оны реттеу ісін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлердің (криптобиржалардың) әмияндарына байланған «криптокарта» жобасын жүзеге асыру тетігі іске қосылды. 
Бұл төлем карталары тұтынушыға қолма-қол ақшасыз операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Аталған шешім цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде біріктіруге жол ашады. 
«Криптокарта» механизмі төлем операциясы жүзеге асырылған сәтте клиенттің цифрлық активтерін АХҚО криптонарығында сату арқылы олардың құнын бірден «криптокартаға» (клиенттің банк шотына байланған стандартты төлем картасы) аударуды көздейді. Яғни, нақты төлем криптоактивтер дереу сатылғаннан кейін шынайы ақша арқылы жүргізіледі. Осылайша, төлем операциясы АХҚО-ның лицензияланған крипто провайдері тарапындағы криптоәмиян балансының бір сәтте пайдаланылуымен жүзеге асады. Есеп айырысудың жеделдігі банк пен АХҚО крипто провайдері арасындағы криптофиаттық интеграция есебінен қамтамасыз етіледі.
Биыл Ұлттық Банктің үйлестіруімен нарық қатысушылары цифрлық активтер саласында бірқатар пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде:
  • цифрлық активтер бойынша есеп айырысуда қолданылатын, ұлттық валютамен (соның ішінде цифрлық теңгемен) қамтылған стейблкоиндарды шығару;
  • қаржы активтері мен жылжымайтын мүлікті токенизациялау және бағалы қағаздарға теңестірілген токендерді шығару;
  • цифрлық қаржы активтерінің базалық қамтамасыз етілуін есепке алу және сақтау жүйелерін ұйымдастыру;
  • криптоактивтермен айырбастау және сақтау сервистерін дамыту;
  • өзге де инновациялық қаржы сервистері.
Аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кепілсіз цифрлық активтердің айналымын кеңейтуге және цифрлық қаржы (қамтамасыз етілген) активтері үшін реттеуші база қалыптастыруға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер жобасын әзірледі.
Қай банктер криптокарта шығарады: әзірге 5 банк бар
 
Ұлттық банктің криптокарталарды шығару бойынша пилоттық жобасына бес банк қосылды — Halyk Bank, ForteBank, Freedom Bank, RBK және Altyn Bank, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлердің (криптобиржалардың) әмияндарына байланған «криптокарта» жобасын жүзеге асыру тетігі іске қосылды. 

0 пікір
Мұрағат