Қазақстанның 16 теміржол вокзалында жолаушылар, қол жүктер мен багаждар тексерілетін болады. Бұл жайында "Sputnik" ақпарат көзі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратт.
|
Қазақстанның вокзалдарында жолаушылар мен жүктер тексерілетін болды
|
Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 1 ақпанынан бастап іске асады.
«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең-кезеңмен енгізіледі: 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірден бастап – Астана вокзалында, ал 1 маусымнан бастап қалған 13 теміржол вокзалында ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 арнайы тексеру жабдық кешені сатып алынды», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Ж.Көрпебаевтың айтуынша, тексерістен өтіп, пойызға кешігіп қалмас үшін жолаушылар вокзалға ертерек келгені жөн.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды