|
«Ақтөбе асары» акциясы жалғасуда (фото)
|
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясы жалғасуда.
Бүгін – акцияның екінші күні, түске дейін тағы да 10 отбасыға азық-түлік және киім-кешектермен көмек берілді. Су тасқынынан зардап шеккен жандар мешіттерге әлі де көмек сұрап келуде. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған жергілікті қала тұрғындары, жаны жомарт азаматтар да қолдан келген көмектерін ұсынып, акцияға белсенді атсалысуда.
Акцияға үлес қосып, сауаптан сізден де құр қалмаңыз.


Мұрағат