Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 ай бұрын 753 muftyat.kz
АТЫРАУ: БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысхан өңірдегі кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда, «Аманкелді» кәсіпорнының балық өнімдері, «Alma pie» және «Iris» дәмханалары халал стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, халал стандарты талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинарлар өткізіліп, халал талаптары мен ережелері түсіндірілді. Екі жақтың бірлескен жұмыстарының оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау шешім қабылданды», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Айта кетейік, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен Атырау облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде.

ТҮРКІСТАН: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан қаласындағы «Айжамал тәттілері» кондитерлік цехы мен «Тандыр» ұлттық тағам дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай деп танылды. «Халал Дамудың» жергілікті мамандары Мұстафа Құлымбетов пен Аружан Аралбай аталған кәсіпорындарда аудит шараларын орындап, тексерістің оң қорытындысынан кейін халал сертификатын табыстады.

Мамандарымыз кәсіпорын өкілдерін адалдық мен тазалықтың анық белігісіне айналған «QMDB Halal» сертификатын иемденулерімен құттықтай отырып, кәсіптеріне береке тіледі. Екіжақты әріптестік одан әрі жандана түсеріне сенім білдіріп, кез-келген уақытта кәсіби көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

БҚО: БЕС КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Батыс Қазақстан облысындағы «Hani» кондитерлік кәсіпорны, «Maida», «Al- Navat», «Жайық food» қоғамдық тамақтану орындары сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы табыстады.

«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта тұрақты аудит шаралары орындалып тұратынын жеткізді.

АҚТӨБЕ: «ГЮЛЬЧАТАЙ» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы «Гульчатай» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сондай-ақ ет дүкенінің қасапшыларына да «QMDB Halal қасапшы» куәлігі табысталды.

«Гюльчатай» ет дүкенінде жүргізілген аудит шараларның оң нәтижесінен кейін, аталған ет дүкені халал стандарты талаптарына сай деп танылды. Ет дүкеніне тасымалданатын еттердің халалдығы, малдың шариғатқа сай бауыздалуы, қасапшылардың халал стандарты талаптары мен ережелерін білуі толықтай қадағаланды», – дейді жергілікті маманымыз.

«Гюльчатай» ет дүкеніне берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.09.2024-16.09.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ораз Тәтеұлы, 2.

ШЫМКЕНТ: «RAMAZAN BEY» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы «Ramazan Bey» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сұлтанбекұлы табыстады.

Сертификат алуға өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмхана ғимараттарында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдері лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Ramazan Bey»  дәмханасына «Тамақтандыру қызметтері» стандарты талаптарына лайық деп танылды», – дейді жауапты маман.

«Ramazan Bey» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.09.2024-16.09.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Астана ауданы, 67/1

СҚО: «КОМПОТ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Петропавл қаласындағы «Компот» дәмханасының халал сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолұлы дәмханада аудит жұмыстарын жүргізіп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Сертификаттау барысында толыққанды аудит жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді барлық процесс тексерілді. Аудиттің оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жергілікті өкіл.

0 пікір
Мұрағат