|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
АҚМОЛА ОБЛ.: БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақмола облысында орналасқан бірқатар кәсіпорындарға халал сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Ашенова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Fistashka» кондитерлік өнімдері және «Талап А» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Көкше Ет» ет өнімдері өндірісі, сондай-ақ Атбасар қаласында қызмет көрсететін «Проходенко В.В.» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Black Pizza» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ бекіткен халал стандарттары бойынша сертификатталды.
Қасапшы Мәткенов Жомарт Каниевичке «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» халал стандарты бойынша оқу семинарын толық аяқтағанын растайтын сертификат табысталды. Сертификаттау барысында өндіріс үдерісі, шикізаттың құрамы, сақтау және тасымалдау талаптарының сақталуы жан-жақты зерделенді. Нәтижесінде аталған мекемелердің өнімдері халал талаптарына толық сәйкес деп танылды.
Айта кетейік, халал сертификаты тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің шариғат талаптарына сай әрі сапалы екенін айқындайды.


«ЛЕСНОЕ СЕЛО» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай облысындағы ең ірі сүт зауыттарының бірі – «Лидер-2010» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Лесное село», «Рудненский тан» секілді сауда белгілерімен танылған кәсіпорын сүт, айран, ряженка, йогурт, қаймақ, ірімшік, қымыз өнімдерін өндіреді.
Кәсіпорында өнімдердің халал стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында толық аудит өткізілді. Аудит барысында өндірістік цехтар, шикізат көздері, дайын өнімдер, сақтау және тасымалдау шарттары мұқият тексерілді. Мамандар өндіріс процесіндегі құрал-жабдықтардың тазалығын, қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтауын және өнім құрамындағы ингредиенттердің халал стандарттарына сәйкес келуін қадағалады. Тексеру нәтижесінде барлық талаптар сақталғаны расталып, кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты берілді. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Айта кетейік, 2010 жылы өз жұмысын бастаған кәсіпорынның дайын өнімдері Қостанай облысы, Қарағанды, Астана қалаларына жеткізіліп қана қоймай, сонымен қатар Орал, Новосибирск, Башқұртстан және Татарстан аймақтарында да танымал.






ҚОСТАНАЙ: «НОВЫЙ ДЕНЬ» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жұма намазының алдында «Новый день» сүт өнімдеріне халал куәлігін табыстады.
«Новый день» – табиғи сүттен жоғары сапалы өнімдер өндіретін «МИЛХ» компаниясының өнімдері. Кең өндірістік мүмкіндіктері мен сүт сапасына қатаң бақылауы арқылы кәсіпорын тұтынушылар мен серіктестердің сенімін арттырып, нарықта өз өнімдерін тұрақты түрде ұсынып келеді.
Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы куәлікті табыстау барысында кәсіпорын өкілдеріне өнімнің сапасы мен Халал стандарттарының талаптарын әрдайым қатаң қадағалау қажеттігін айтты. «Халал сертификаты – бұл тек өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат емес, сонымен қатар тұтынушыларға деген жауапкершіліктің белгісі», – деді ол. Кәсіпорын өкілдері халал куәлігін алу олардың өнімдерінің нарықтағы сұранысын арттыруға, жаңа тұтынушыларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ТАЛДЫҚОРҒАН: «FARIS» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Жетісу облысы иман мешітінің жанындағы тамақтану саласында қызмет көрсететін «Faris» кәсіпорнының басшысы Мұстапаев Жігер Талғатұлына Жетісу облысының бас имамы Даутов Керімбек Сәрсенбайұлы халал сертификатын салтанатты түрде табыстады.
Сертификат табыстау барысында кәсіпорын қызметінің халал талаптарына толық сәйкес келетіні атап өтіліп, алдағы уақытта да стандарттарды сақтау қажеттігі ескертілді.

АЛМАТЫ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Технология Плюс» және «Biоhayah» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технологтар өндіріс аумағында кешенді аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттар, санитарлық-гигиеналық жағдайы мен дайын өнімдерінің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.
Аудит барысында технологиялық тәртіптің сақталуы, өнім қауіпсіздігі, шикізаттың шығу тегі және құжаттамалардың дұрыстығы жан-жақты тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталып, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен адалдығына кепілдік берілді.

