|
Медреселер арасында республикалық олимпиада өтеді
|
2016 жылдың наурыз айының 10-11-і аралығында Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұымдастыруымен еліміз бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Олимпиадының ережесі мен тәртібі туралы Астанада өткен жиналыста Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына мәлімдеді. Оның айтуынша, олимпиадаға 100-ге жуық шәкірт қатысады.
Жеңімпаз иелеріне бағалы сыйлықтар, Бас мүфтидің алғыс хаты табысталып, қаржылай марапатталады. Айта кетейік, медреселер арасындағы республикалық сайыс осымен Алматы қаласында екінші рет ұйымдастырылмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді