|
Қытайлық компания қазақстандық мыс кенінің 19 пайыздан астамын сатып алады
|
Қытайлық Non Ferrous China (NFC) компаниясы қазақстандық Көксай жобасының 19,4% үлесін сатып алады, деп хабарлайды KAZ Minerals.
NFC қазақстандық компанияға 70 млн доллар инвестиция салмақ. Жобадағы үлес инвестицияға айырбас ретінде жасалады.
Қазақстандық компания 70 млн долларды Көксайды дамытуға бағыттамақ. Оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) де бар. ТЭН шеңберінде тау-кен өндіру және қайта өңдеу өндірісінің егжей-тегжейлі моделі жасалады.
Көксай – Алматыдан 230 шақырым жерде орналасқан карьерлік типтегі мыс кеніші. Кен орнының минералды-шикізат қоры – 736 млн тонна. Мыстың орташа құрамдылығы 0,42 пайыз, жалпы құрамында 3,1 млн тонна мыс бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс