Қызметкер үстеме жұмысқа шықса, қанша ақы алуы тиіс. Жалақы кешіксе, қызметкер қайда шағымдана алады
Қызметкер үстеме жұмысқа шықса, қанша ақы алуы тиіс. Жалақы кешіксе, қызметкер қайда шағымдана алады
19 сағат бұрын 180 kaz.inform.kz Назерке Сүйіндік

KAZINFORM – Қызметкерді үстеме жұмысқа тартудың заңда белгіленген тәртібі бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Мұрат Шәкенов айтты.

Баспасөз конференциясында спикер жұмыс уақытынан тыс еңбекке тарту және оған ақы төлеу тәртібіне тоқталды.

– Жұмыс беруші қызметкерді үстеме жұмысқа оның жазбаша келісімі болған жағдайда тарта алады. Бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77-бабында көрсетілген. Еңбек немесе ұжымдық шартта өзге талап көзделмесе, үстеме жұмысқа ақы кемінде бір жарым есе мөлшерде төленеді, - деді Мұрат Шәкенов.

Назерке Сүйіндік

0 пікір
Мұрағат