|
Қызылорда облысында есірткі еккендер сотталды
|
Қызылорда облысында құрамында есірткі заттары бар сора өсімдіктерін ірі мөлшерде заңсыз егіп, сатпақ болған 3 азаматты 11-ден 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Өткен жылы екі сотталушы елді мекеннен 95 шақырым қашықтықта 4895 түп сора өсімдігін егіп, күтіп-баптаған. Кейін солардың бірі өзінің танысына серіктесімен есірткіні өткізуге көмектесетін болса ірі мөлшерде пайда табатындарын айтып, бірге жұмыс жасауды ұсыныпты. Полицейлер сыбайластарды сора өсімдігін арық бойына кептіруге жайып жатқан кезінде қолға түсірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды