|
Қызылордалық ғалымдар күріштің жаңа сұрпын өсіре бастады
|
«Сыр сұлуы» деп аталатын дән – Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жобасы, деп хабарлады 24.kz
Жаңа өнім жергілікті ауа райы мен топыраққа бейімделген. Тез пісіп-жетіледі әрі суды көп қажет етпейді.
«Агротехникалық талаптар толық сақталса, онда гектарынан 85 центнерге дейін өнім алуға болады», - дейді ғалымдар.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институты венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Әдетте күріш алқаптарына 3 ай бойы су жіберілсе, бұл препаратпен 51 күн суарса жеткілікті.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында көбіне ресейлік күріш сұрыптары өсіріледі. Олардың толық пісіп-жетілуіне 120-125 күн уақыт кетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Тұмау вирусы хакер секілді әрекет етеді: жасуша жүйесінің ішін бұзады