|
Сауд Арабиясының әуекомпаниясы Қазақстанға рейс ашпақ
|
FlyNas әуекомпаниясы қарашада Қазақстанға тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Kazakh Tourism" Ұлттық Компаниясы” АҚ басқарма басшысы Талғат Аманбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
"Әуекомпаниялармен, оның ішінде FlyNas компаниясымен наурыздағы келіссөздерді қайта жалғастырдық, олар қарашада тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр. Президент өз сөзінде екі ел арасындағы туризм саласы бойынша серіктестіктің маңыздылығы туралы айтты", - деп жазды Аманбаев.
Осыған дейін, SCAT әуекомпаниясы Алматы және Шымкенттен қазақстандықтарды Медина қаласына чартерлік рейс арқылы тасымалдап жүрді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу