Шетелден онлайн сатып алған тауарды декларациялау керек болады
Шетелден онлайн сатып алған тауарды декларациялау керек болады
27 күн бұрын 253 naryk.kz

Мәжіліс 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен Сыртқы электронды сауданы реттеу туралы хаттамаға қол қойылды.

Өзгерістер тауарларды сыртқы сауда алаңдарында сатып алу тәртібіне әсер етеді. Атап айтқанда, халықаралық пошта жөнелтілімдерінде шетелдік интернет-алаңдардан үшінші елдерден жеке тұлғалардың атына жіберілетін тауарлар электронды сауда тауарлары деп аталатын жекелеген санатқа бөлінеді. Бүгінде шетелдік интернет-алаңдарда сатып алынатын тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады.

Сонымен қатар, кедендік реттеу саласындағы жаңа құқықтық институт пен қызмет түрі – электронды сауда операторын құру ұсынылады. Ол интернет-алаңдарда жеке тұлғалар сатып алатын тауар операциялары логистикасын, интернет-алаңдарымен және кеден органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, кедендік декларациялау мен электронды сауда тауарларын сақтау процестерін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамасында кедендік декларацияның жаңа түрі – электронды сауда декларациясы енгізіледі.

Электронды сауда тауарларының бүкіл көлеміне, яғни, жеке тұлғалардың сыртқы сауда алаңдарынан сатып алатын барлық тауарына декларация жүргізіледі. Бүгінде жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады. 

Осы санаттағы тауарларға салық салу тәсілі де өзгереді. Кез келген сату көлемі үшін сатып алушы елінің ұлттық заңнамасына сәйкес сатушыдан қосылған құн салығы алынады. Егер бажсыз шек (200 еуро) асып кетсе, кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (сатып алушы төлейді) 5 пайыз деп белгіленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нормадан асқан жағдайда (200 еуро немесе 31 келі) сатып алушы тауар құнының 15 пайызын құрайтын жалпы кедендік баж салығын төлеуге міндетті.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3