|
Шымкентте ер кісінің көпшілік алдында итті аяусыз қорлаған видеосы жүктелді (видео)
|
Шымкентте итті аясуыз қорлаған ер кісінің видеосы Қазнетте көпшіліктің ызасын тудырды.
Жақында желіде ер кісі билеп жүріп, итті әрі-бері жұлқылаған видео жария етілді. Жағдай кафеде отырған көпшіліктің алдында болған. Алайда куәгерлердің ешқайсысы азаматты тоқтатуға тырыспаған.
Қысқа ролик Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған. Видеоны көргендер азаматтың итке қорлық көрсеткеніне ызалы екендерін жеткізген.
Олар кафеде отырғандардың бұл жайтқа немқұрайлы болуларын да сынға алып, видеоның бас кейіпкерін жазаға тартуын талап етуде.
Пікір қалдырушылардың сөзіне сенсек, оқиға Шымкенттің “Солтүстік” ықшамауданында орналасқан кафелердің бірінің маңында болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады