Суицидпен күресуге арналған мобилді қосымша жасалып жатыр
Суицидпен күресуге арналған мобилді қосымша  жасалып жатыр
10 жыл бұрын 3768

Елімізде өз-өзіне қол жұмсауға дайын тұратын, мына өмірден баз кешіп, суицид туралы ойға жиі берілетіндерге көмекші құрал ретінде мобилді қосымша жасалып жатыр. Аталмыш әлеуметтік желі күйзеліске түскен адамдарға моралдық тұрғыдан қолдау білдіруге мүмкіндік береді. Жоба авторы – IT-университетінің  студент Дулат Бижанов пен оқытушы Әлім Хамитов. Олардың сөзіне қарағанда, қиындыққа шыдамай күйзеліске тез берілетін адамдарға көмек көрсететін call-орталық бар көрінеді. Сөз реті келгенде айта кету керек, Қазақстан жасөспірімдер мен жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағынан әлем бойынша көш бастап тұрған елдердің қатарына кіреді. Аталмыш орталық осы себепті құрылған еді. «Мен шетелде жұмыс істейтін студентке қазір біз жасап жатқан мобилді қосымша туралы идеямды айттым. Бұл идеяның мәнісі мынада: бұл қосымшада адам өзіне психологиялық көмек қажет болған жағдайда байланысқа шығатын достарын қалыптастырады. Егер адам күйзеліске (депрессия) түссе, ол психологқа немесе ата-анасына бара қоюы екіталай. Ол достарын іздейді»,- деді жастар мен жасөспірімдерге тән дағдыға қанық Әлім Хамитов. Қиын сәтке тап болған адам өзінің басындағы жағдай туралы достарына бірнеше тәсілмен хабарлай алады: жаппай хабардар ету тетігін басады, телефон шалады немесе хабарлама жазады. Бұл арада бағдарлама достарына оның қайда тұрғанын геолокация функциясы арқылы анықтауға көмектеседі. Бұған қоса, бұл қосымшада өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамға психологиялық көмек көрсету жөніндегі анықтамалық материалдар мен нұсқаулықтар қамтылған. Өздеріңіз білетін боларсыздар, үстіміздегі жылдың бас кезінен бері осы уақытқа дейін елімізде 86 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.

0 пікір
Мұрағат