|
Талдықорғандық студенттер тауықтың жаңа тұқымын шығарды
|
KAZINFORM — Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері тағамдық құндылығы мен бірегей биологиялық қасиетімен ерекшеленетін «Kazaukana» атты қара тауықтың тұқымын шығарды.
Зерттеу нәтижесі бұл құстың бойында басқа тауықтарға қарағанда ақуыз, мырыш және темір көп екенін көрсетті. Мамандар тауық еті дұрыс тамақтану үшін ерекше өнім екенін айтты.
«Kazaukana» тауығының ерекшелігі оның сыртқы түрінен де көрінеді. Оның тек сырт келбеті емес, сонымен бірге еті де қара түсті. Жұмыртқалары табиғи түрлі-түсті. Басқа қара тауықтармен салыстырғанда оның қорғаныш сақалы және кішкентай бұршақ тәрізді ноқаты бар. Бұл ерекшелік құстарға қыста аязда үсіп қалмауға көмектеседі. Тауықтың бұл түрі суық климаттағы фермерлер үшін маңызды.
Құсты өсіру үшін студенттік топ 5 тұқымды пайдаланды. Атап айтқанда, Амераукана, Аям Цемани, Леггорн, малаизиялық жекпе-жекке арналған және жергілікті аралас тұқымды тауықтар.
— Біздің жобаның атауы — Gallus. Ол латынның тауық тәрізді ғылыми атауынан шыққан. Болашақ тұқымның атауы — «Kazaukana» — «Амерауканадан» (жасыл жұмыртқа салатын тұқым) пайда болды. Онда «американдық» сөзі «қазақ» деп ауыстырылды. Араукана тауықтардың басқа тұқымдарын шығаруға себеп болды. Оның ерекшелігі көп, бірақ кемшіліктері де аз емес. Ол шамадан тыс үркек және жұмыртқаны аз басады, — дейді жоба авторы Асқар Рахимов.
«Kazaukana» тұқымы Қазақстанның климатына бейімделген. Ол күтімді аз қажет етеді және қолайсыз жағдайларға төзімді. Құстың орташа салмағы 3,5 келіге жетеді. Ал өмір сүру ұзақтығы — 2,5 жыл. Сондай-ақ бір тауық жылына 300-320 жұмыртқа басып шығарады.
Айта кетейік, астаналық оқушы 1 минутта кубик рубик жинайтын робот жасап шығарған болатын.