Түрік қарулы күштері Қазақстан қарулы күштеріне қандай қолдау көрсетіп келеді
Түрік қарулы күштері Қазақстан қарулы күштеріне қандай қолдау көрсетіп келеді
4 жыл бұрын 4984

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елімізге ресми сапармен келген Түркия Республикасының қорғаныс министрі Хулуси Акараны қабылдады, деп жазды inbusiness.kz ақпарат көзінің тілшісі Қанат Махамбет.

Белгілі болғандай, Қазақстан Түркияға киберқауіпсіздік мамандығы бойынша квота бөлу туралы өтініш білдірген. Бауырлас ел мәселені сөзбұйдаға салмай, бірден шешкен. 

Айта кетейік, былтыр Қазақстан қорғаныс министрлігі алғаш рет түрік әскери қызметшілеріне еліміздегі Ұлттық қорғаныс университетінде білім алуға мүмкіндік берді. 

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан мен Түркия қарулы күштерінің басшылары бұған дейін диверсияға қарсы арнайы операция жүргізетін арнайы жасақ даярлау мәселесін пысықтаған. Нәтижесінде Қазақстанның әскери қызметшілеріне Түркия аумағында өткізілетін «Ефес» көпұлтты оқу-жаттығуына және «Кыш» оқу-жаттығуына қатысуы құқы берілген. 

Түрік қарулы күштері мен бас штабы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуына жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстанға 1990-2000 жылдар аралығында ақысыз негізде картографиялық жабдық, байланыс құралдарын және жол талғамайтын әскери көлік жеткізіп, жеңіл брондалған автомобиль мен оптикалық-электрондық құралмен қамтамасыз етті. 

Бүгінгі таңда әскери білім беру аясында Түркияның әскери училищелерінде Қазақстанның курсанттары білім алып жатыр. Бұған қоса Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері Түркияның әскери оқу орталықтарында шеберліктерін шыңдауда. 

0 пікір
Мұрағат