Тұтынушылар құқығын қорғау саласында кейбір талаптар өзгерді (видео)
Тұтынушылар құқығын қорғау саласында кейбір талаптар өзгерді (видео)
10 жыл бұрын 4918 24.kz 7kun.kz

Тұтынушы бұдан былай мерзімі өтіп кеткен тауарды кері қайтарып, жаңасын 30 күн ішінде талап етуге құқылы. Бірер апта бұрын тұтынушылардың құқығын қорғаудың заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілген болатын. Нәтижесінде тауарларды қайта өткізуге, айырбастауға қойылатын талаптар жетілдірілді. Сатушылардың да нақты міндеттері айқындалды. Бүгін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жаңа заңнамалық актілерді түсіндіру мақсатында елордадағы сауда үйлері және базарлардың өкілдерімен жүздесті. Сәуле Оспанова, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы: - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында мемлекеттік және уәкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту көзделген. Осылайша, олар әр жарты жыл сайын тұтынушылардан түскен шағымдарды саралап, министрлікке есеп береді. Министрлік өз кезегінде елдегі тұтынушылар құқықтарының қорғалуына байланысты қорытындыны үкіметке жеткізеді. Толықтырылған заңнамдағы тағы бір жаңалыққа тоқталсақ, осыған дейін коммуналдық қызмет түрлеріне қарызы бар тұрғындарды өзге берешегін өтеу үшін жарық көзінен немесе жылудан ажыратып тастайтын. Енді бұдан былай тек ақысы төленбеген қызмет түрінен  ғана ажыратылады.

 

0 пікір
Мұрағат