Ұлттық компаниялар қазақ тілін қажет қылмай отыр
Ұлттық компаниялар қазақ тілін қажет қылмай отыр
9 жыл бұрын 3506 qamshy.kz

Жуырда ғана аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен басшылары ұсталған "Байтерек Development" Акционерлік қоғамы қазақ тілін менсінбей отыр. Дәлірек айтсақ, компанияның интернет сайтында ақпараттар ресми тілде тап-тұйнақтай етіп берілген, ал мемлекеттік тілдегі нұсқасындағы қатеден көз сүрінеді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасының жаңалықтар қызметі хабарлаған болатын. "Байтерек" холдингіне қарасты Акционерлік қоғамның сайтындағы мәтіндерді айтпағанда негізгі айдарлардың өзі қатеге толы. Мысалы «табу» деген сөзді «тобу» деп аударған. Сондай-ақ, компанияның бағыты деген бөлімдегі қазақша мәтіндердің мүлде мағынасы жоқ және тілдік ереженің ешбіріне келмейді. Мысалы компанияның бағыты.......... деп көрсетілген. Ұлттық құндылықтарымызды менсінбей отырғандардың ішінде ұлттық холдингтер де бар. Мысалы, «Қазагро» мен «Қазагроқаржы» компанияларының ресми интернет ресурстарында несие беруге қатысты ақпараттар тек орыс тілінде. Ауылдардағы қазақ тілді шаруалармен тікелей жұмыс істейтін компаниялар үшін бұл үлкен сын екені айтылған. Мемлекеттік тілді менсінбей отырған тағы бір компания ретінде «Кәсіпқор» холдингі де аталған. Компания туралы ақпаратты қазақ тілінде білгіңіз келсе, орыс тілінде оқуға мәжбүр боласыз делінген аталған ақпарат көзінде. Ең қызығы, прокуратура мамандарының сөзінше Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік компаниялардың ресми сайттарының мемлекеттік тілдегі мазмұны ешқандай заңмен реттелмеген. Тіл туралы заңда тек мемлекеттік органдардың интернет ресурстары туралы көрсетліген. Дегемен, материалда көтерілген мәселені қалалық прокуратура қатаң қадағалауға алатынын айтқан.

0 пікір
Мұрағат