Биыл елімізде 44 ірі спорт жарысы өтеді
Биыл елімізде 44 ірі спорт жарысы өтеді
5 жыл бұрын 3375 bag.kz Назерке Абибулла

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылы Қазақстанда өтетін маңызды спорт жарыстарының күнтізбесін ұсынды. Биыл ел аумағында 44 ірі спорттық іс-шараны өткізу жоспарланып отыр.

 Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстар

19 қаңтар

Өскемен қаласы

 ФИС қамқорлығымен тау шаңғысы спортынан  ұлттық кубогі

қаңтар

Алматы қаласы

 Мұздағы спидвейден Әлем чемпионатының жеке алғашқы финалы

1-3 ақпан

Алматы қаласы

 Баскетболдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирі (Қазақстан-Австралия)

24 ақпан

Астана қаласы

 Баскетболдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирі (Қазақстан-Филиппиндер)

27 ақпан

Астана қаласы

 Фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі

2-3 наурыз

Алматы қаласы

 ФИС қамқорлығымен шаңғы жарысынан халықаралық жарыстар

наурыз

Щучинск қаласы

 Дзюдодан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы

17-21 сәуір

Алматы қаласы

 Шайбалы хоккейден ерлер командалары арасындағы Әлем чемпионаты (1-дивизион, А тобы)

28 сәуір-6 мамыр

Астана қаласы

 Тректегі велоспортынан (2-класс, 
1-класс) Silk way series Astana халықаралық турнирі

14-19 мамыр

Астана қаласы

 Триатлоннан Азия кубогы

25-26 мамыр

Шымкент қаласы

 Орталық Азия елдері арасындағы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстар

29-30 мамыр

Алматы қаласы

 Ралли рейдерден «Ралли Қазақстан» Әлем кубогының кезеңі

26 мамыр-1 маусым

Ақтау қаласы

 Көркем гимнастикадан құрметті спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир

28 мамыр-2 маусым

Шымкент қаласы

 Әйелдер командалары арасындағы волейболдан шақыру кубогы

Мамыр-маусым

Белгіленуі бойынша

 Ерлер командалары арасындағы волейболдан шақыру кубогы

Мамыр-маусым

Белгіленуі бойынша

 Каратэ-додан Kazakhstan Open-2019 халықаралық турнирі

13-16 маусым

Астана қаласы

 Триатлоннан Әлем кубогы

15-16 маусым

Астана қаласы

 Ат спорт түрлерінен Әлем кубогының кезеңі, Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы

20-23 маусым

Шымкент қаласы

 Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы VII халықаралық турнирі «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы»

маусым

Астана қаласы

 ФИС қамқорлығымен шаңғымен тұғырдан секіруден Континентальдық кубогы

шілде

Щучинск қаласы

 ФИС қамқорлығымен шаңғымен тұғырдан секіруден кубогы

шілде

Щучинск қаласы

 Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты

5-21 шілде

Астана қаласы

 Жеңіл атлетикадан «XXIX Ғұсман Қосановтың мемориалы» халықаралық мерейтойлық жарысы

6-7 шілде

(23-30 маусым)

Алматы қаласы

 Триатлоннан Ironman 70.3 жарысы

14-15 шілде

Астана қаласы

 Триатлоннан Азия кубогы

3-4 тамыз

Алматы қаласы

 «Алматы туры-2019» көп күндік велосипед жарысы

29-31 тамыз

Алматы қаласы

 Скалдық класста альпинизмнен Азия чемпионаты

29 тамыз-4 қыркүйек

Алматы қаласы

 Ат спортынан үйрету бағдарламасы бойынша FEI CDI 3* халықаралық турнирі

12-15 қыркүйек

Алматы қаласы

 Грэпплингтен Әлем чемпионаты

14-15 қыркүйек

Астана қаласы

 Грек-рим, еркін, әйелдер күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты

14-22 қыркүйек

Астана қаласы

 Стенд атудан 9-ші Азия чемпионаты

20-30 қыркүйек

Алматы қаласы

 Триатлоннан Азия кубогы

21-22 қыркүйек

Ақтау қаласы

 ФИС қамқорлығымен шаңғы жарысынан халықаралық старт

қыркүйек

Щучинск қаласы

 2019 «Астана» марафоны

қыркүйек

Астана қаласы

 Ат спортынан «FEI World jumping challenge 2019» Әлем кубогы

4-6 қазан,

12-13 қазан

Алматы облысы

 Волейболдан әйелдер арасындағы континентальдық олимпиада іріктеу турнирі

қазан

Белгіленуі бойынша

 Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия чемпионаты

1-3 қараша

Ақтау қаласы

 KWU қамқорлығымен каратэдан Әлем чемпионаты

3-9 желтоқсан

Астана қаласы

 Допты хоккейден Әлем кубогы

3-9 желтоқсан

Орал қаласы

 Коньки тебу спортынан Әлем кубогы кезеңі

6-8 желтоқсан

Астана қаласы

 ФИС қамқорлығымен шаңғымен жарысынан халықаралық жарыстар

желтоқсан

Алматы облысы

 3*3 баскетболдан CABA Qwest халықаралық турнирі

белгіленуі бойынша

белгіленуі бойынша

 3*3 баскетболдан Asia Qwest халықаралық тур

2019 жылы спортқа 30 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда спортпен айналысатын адамдар саны – 5,4 млн адам. Оның ішінде 2 млн астам адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл мәліметтерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.

2019 жылға арналған республикалық бюджетте спорт саласына 30 406,5 млн теңге көзделген. Оның ішінде бұқаралық спортқа – 515,2 млн теңге, сондай-ақ спорт объектілерін салуға – 1 641,5 млн теңге.

Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыретіне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету енеді. Осыған байланысты, республика бойынша өңірлік жерлерде бұқаралық спортты қаржыландыру тиісті әкімдіктердің жергілікті бюджеттерінде қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Республика бойынша дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 123,4 мыңнан астам спорттық секциялар мен үйірмелер құрылған, олардың ішінде ауылдық жерлерде 61 мыңнан астам спорттық секциялар жұмыс істейді.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2018 жылғы 1 қарашадағы мәліметтері бойынша, республикада жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен

5,4 млн адам шұғылданады, бұл елдегі халықтың 29,8 % құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда шұғылданушылар саны 1%, яғни 271 552 адамға ұлғайды.

Ведомстволық статистикалық есепке сәйкес Қазақстанда ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны – 375926 адам, паралимпиадалық және сурдолимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны – 31952 адам.

Қазақстанда қанша легионер жүр

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстанда спорт клубтарында қанша легионер жүргенін айтты. 

Ел аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар спорт түрлерінен ұлттық құрама командаларының қатарында халықаралық жарыстарға қатысу үшін міндетті түрде Қазақстан азаматтығын қабылдау қажет. Комитет тәжірибе алмасу, әрі қазақстандық атлеттердің кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында легионерлерді отандық командалар қатарына тарту практикасы барын айтты. 

Қазіргі уақытта қазақстандық Премьер-Лига мен Бірінші Лига футбол клубтарында 106 легионер, Ұлттық Лиганың волейбол клубтарында 28 легионер, Ұлттық Лиганың баскетбол клубтарында 26 легионер, Супер Лиганың гандбол клубтарында 6 легионер, көгалдағы хоккей клубтары қатарында 2 легионер, шайбалы хоккей командаларында 131 легионер бар. Сонымен қатар, су добы, регби, жағажай волейболы клубтарының құрамындағы спортшылардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі отандық спорттық резервті қолдау, әрі легионерлердің санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Осы мақсатта спорттың ойын түрлерінен ел чемпионаттарында әр команда құрамында өнер көрсететін шетелдік азаматтар саны аталған жарыс ережелерінің талаптарымен шектелген. Осылайша, бұл өзгерістер отандық спортшыларға өздерін таныту және еліміздің өз спорттық резервін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат