|
"Бұлар өзі қандай ас ішеді? Нағыз тарпаңдар ғой!" - ағылшын боксшысы Әлімханұлы мен Левит жайлы
|
Ұлыбританиялық әуесқой боксшы Рамез Махмуд қазақстандықтар Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левиттің Рио Олимпиадасына дайындық деңгейі жайлы әсерін айтты.
"Қазақстандық боксшылар қандай ас ішеді? Мен көрген екеуі нағыз тарпаңдар ғой! Бұлардың Головкині де бар емес пе", - деп жазды Махмуд "Twitter" әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әлімханұлы бірінші жекпе-жегінде ағылшын боксшысы Энтони Фаулерді жеңген болатын. Олимпиаданың ширек финалында қазақстандық Алжир боксшысы Ильяс Аббадимен кездеседі.
Ал 91 келіге дейінгі категорияда жұдырықтасатын Левит қытайлың Венгкай Юді айқын басымдықпен жеңген еді. Енді қазақстандыққа қарсы Маврикиилік Кеннеди Сен-Пьерр шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)