Елімізде спортшыларға діни сенімін көпшілік алдында паш етуге тыйым салынды
Елімізде спортшыларға діни сенімін көпшілік алдында паш етуге тыйым салынды
5 ай бұрын 1092 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Спортшыларға, жаттықтырушыларға және төрешілерге боғауыз сөз айтуға және өздерінің діни сенімін көпшіліктің көзінше жария етуге тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, өзгелерді діни бірлестік қызметіне мәжбүрлеп тартуға, миссионерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл бағыттағы ереже Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынның 2025 жылдың шілде айындағы «ҚР спорт әдебін бекіту туралы» бұйрығында айтылған. Аталмыш ереже мәтіні нормативті құқықтық актілер банкінің сайтында жарияланған. «Спорттық әдеп» құжаты екі бөлімнен тұрады: жалпы ережелер мен мінез-құлық қағидалары. Бірінші бөлімде жаттықтырушыға, төрешіге, жарысқа, спорттық іс-шараға, сондай-ақ, спорттық этикаға анықтама беріледі. Соңғысы - спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне арналған мінез-құлық ережелері қамтылған. Екінші бөлім мінез-құлық қағидаларын реттейді. Спортшыларға әдепсіз сөздерді пайдалануға, жаттығулар туралы ақпаратты жария етуге, Қазақстанның беделіне нұқсан келтіруге, біреуге қауіп төндіруге тыйым салынады. Спортшылар қоғамдық орындарда мас күйінде жүруді қоса алғанда, қоғамға қарсы мінез-құлықтан аулақ болуы тиіс. Қазақстанды таныстыратын спортшылар қарсыластарын, көрермендерді, ұйымдастырушыларды, волонтерлерді құрметтеуі, кемсітушілік пен саяси демонстрациялардан қашуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат