|
Футбол матчы кезінде анасына қорлау сөз айтылған төреші жылап қалды (видео)
|
Тунис чемпионатының төрешісі Яссин Харуш "Бизерте" және "Марса" (1:0) футбол матчы кезінде алаңда жанкүйерлердің сөзінен жылап қалған, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" порталы "Eurosport" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Харуш "Бизерте" жанкүйерлерінің оның анасына қарата айтқан ауыр сөздерінен кейін көзінен аққан жасын ірки алмай, ойынды тоқтатып тастаған. Екі команданың ойыншылары да төрешіге қолдау білдіріп, матчты жалғастыруын сұрайды.
Алайда ол алаңнан шығып кетеді. "Мұндай қорлау сөздерін естіп, жыламау мүмкін емес. Кім болса да анасын қорлағанды жақсы көрмейді. Құдай анамның әруағын пейіштен етсін", - деп келтіреді басылым Харуштың сөзін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)