|
Ирандық футболшы "Челси" қақпасына ғажайып гол соқты (видео)
|
Матч 1:1 есебімен аяқталды.
"Брайтон" футболшылары Англия Премьер-лигасының 21-турында "Челсимен" тең түсті, деп жазады ernur.kz порталы Vesti.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. 1 қаңтарда "Фалмер" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 7-минутта испаниялық қорғаушы Сезар Аспиликуэта "Челсиді" алға шығарған. Бірақ, 84-минутта ирандық форвард Алиреза Джаханбахш әдемі гол соғып, алаң иелерін жеңілістен құтқарып қалды.
Матчтан кейін "Челсидің" бас бапкері Фрэнк Лэмпард Джаханбахш тың голын ғажайып деп бағалады. Осы матчтан кейін 36 ұпай жинаған "Челси" төртінші орында келеді. Ал 24 ұпайы бар "Брайтон" 20 клубтың ішінде 14-орында тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр