|
Жасыл алаңда басынан хижабы сыпырыла шешілген спортшыны әріптестері жанкүйерлерден қалқалап алды – оның шашы өзгелердің көзіне шалынбасы үшін (видео)
|
Интернетте жан толқытарлық видеоға тәнті болғандардың қарасы артып келеді әрі сонымен бірге, танымалдығы артып келеді. Жасыл алаңда ойын кезінде басынан шариғат шәлісі ұшып кеткен мұсылман ойыншысын әріптестері ойынды жайына қалдырып, дереу жанкүйрелердің көзінен қалқалап, қоршап тұра қалысты. Бұл жайт Иорданияда орын алды. Әйелдер арасында өткен Батыс Азия чемпионаты үшін болған матчта «Араб православ клубы» мен иорданиялық «Шабаб әл-Ордон» жасыл алаңда ойын өрнегін көрсеткен болатын. Шариғат шәлісін таққан спортшы қызды тасалап, оған қолұшын созған әріптестеріне риза болған жанкүйерлер трибунада қол шапалақтап қошемет көрсетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр