|
Саудия қысқы олимпиаданы шөлдің қақ ортасында өткізеді (фото)
|
Сауд Арабиясы 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Тройена курортында өткізу құқығын жеңіп алғанын жариялады, оны Neom жобасы аясында Zaha Hadid Architects, UNStudio, Aedas, LAVA және Bureau Proberts сынды сәулет студиялары әзірлеген. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қысқы Азия ойындары – Азия Олимпиадалық Кеңесінің мүшелері арасында қысқы спорт түрлеріне арналған спорттық жарыс. 2029 жылғы ойындар 2026 жылы аяқталуы тиіс 60 шаршы шақырымдық тау шаңғысы курортында өтеді. «Жыл бойы ашық аспан астында шаңғы тебуді ұсынатын» жаңа курорт Акаба шығанағы жағалауынан 50 шақырымдай жердегі таулы жерде, 1500-ден 2600 метрге дейінгі биіктікте салынып жатыр.


©Neom
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)