Саудияда теңдесі жоқ стадион салынады (видео)
Саудияда теңдесі жоқ стадион салынады (видео)
1 ай бұрын 918 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2034 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге дайындалып жатқан Сауд Арабиясы әлемдегі алғашқы“аспан стадионы”құрлысының жоспары туралы жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы британиялық Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудиядағы зәулім стадионның құс қаанаты талатын биіктіктен түсірілген бейнесі интернет кеңістігін шарлап кеткеніне де біраз уақыт өтті. Construction Week әлемдік сәулеттің бұқаралық ақпарат құралы таңғажайып стадион Сауд Арабиясының солтүстік-батыс шөлінде салынып жатқан «NEOM City» желілік қаласы «The Line» -де орналасатын болады, деп болжаған еді. Құрылым теңіз деңгейінен 350 метр биіктіктегі төбесі көк тіреген ғимараттың басында 46 000 орындық стадион ретінде сипатталған. Ерекше стадионның бейнесі бұлттардан жоғары орналасқан үлкен құрылым түрінде бейнеленген, оған тек жедел сатымен жетуге болады. Айрықша соптық кезеңнен ширек финалға дейін ойындар өткізіледі. Жел мен күн сияқты жаңғыртпалы энергия көздерімен жұмыс істейтін құрылыс 2027 жылы басталып, 2032 жылы - футболдан әлем чемпионатына екі жыл қалғанда аяқталады. Саудияның егеменді әл-ауқат қоры (PIF) бірегей жобаға шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құяды. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары мен футбол әуесқойлары оның пайдасыздығы мен қауіпсіздігін сынға алды. Сондай-ақ, 46 000 көрермен жеделсаты арқылы кіре ала ма деген алаңдаушылық білдірген екен. Аталмыш жоба туралы дерек Саудияның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілмеген немесе ресми түрде расталған жоқ - жасанды зерде жасаған синтетикалық бейне болуы мүмкін деген болжам бар. Сауд Арабиясы әлем чемпионатына 15 стадионның 11-ін салуды жоспарлап отыр. Ер-Рияд қаласында монарх Салман атындағы халықаралық стадион 92 760 адамға шақтылған.

 
Bird's-eye view of the Saudi football stadium expected to be built at the top of a 350m high building. /Social Media (SNS)
0 пікір
Мұрағат