|
Универсиада жарыстарына көрермен өзімен бірге бір баланы тегін кіргізе алады
|
Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары кезінде жарысқа көрермендер өзімен бірге 5 жасқа дейінгі бір баланы тегін кіргізе алады. Алайда, балаға бөлек орын берілмейді. Бір ересек адаммен 5 жасқа дейінгі бір бала ғана тегін кіре алады. Естеріңізге сала кетейік, қысқы Универсиада 29 қаңтармен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Онда спортшылар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, кёрлинг, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл және конькимен жүгіру спортынан өнер көрсетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс