Ассаламуғалайкум! Мен күнде шам намазынан кейін Уақиға сүресін оқып жүрмін. Сұрағым келгені Хайыз кезінде де Уақиға сүресін оқуға бола ма? Жауап берсеңіздер! Жауабын іздеп таппадым.
|
Хайыз уақытысында «Уақиға» сүресін қалай тоқтатпай оқып жүруге болады?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Хайыз немесе Нифас жағдайындағы әйел кісілердің Құран оқулары тыйым салынғаны рас. Оған байланысты Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Хайызы келген әйел де, ғұсылы бұзылған жүніп кісі де Құраннан еш нәрсе оқымайды!» - деп тыйған. Алайда, ауыз жыбырлатпай, ойша оқыса, оның күнәсі жоқ. Шариғат кітаптарында оны «жүрекпен оқу» деп түсіндірген. Оның қазақшасы - «ойша оқу». Ал, ауыз бен ернін және тілің қимылдатпай оқу - «оқу» іс қимылы болып саналмайтындықтан, Хайыз, нифас немесе жүніп жағдайындағы кісі Құранды ойша оқыса күнәсі жоқ.
Сондықтан да, сізге айтарымыз: хайыз кезінде телефоннан «Уақиға» сүресін «ойша» оқып тұрсаңыз болады, оның күнәсі жоқ. Неге телефоннан? Себебі хайыз кезінде Құран кітапты да тыссыз ұстауға болмайды. Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!