Хайызы келген әйел мәйіт жуа ала ма?
|
Хайызы келген әйел мәйіттің денесін жуа ала ма?
|
Мәйітті жуатын адамның таһаратты болуы шарт емес, сондықтан да хайызды әйел мен жүніп кісінің мәйітті жууына рұқсат. Имам Кәсәни (рахимаһуллаһ) өзінің кітабында мұны былай айтып өтеді: «Мәйітті жуушының жүніп болуының, не, хайызды болуының зияны жоқ, өйткені мақсат - жуып тазалау, ол жүзеге асып отыр...»1.
Бастысы, әйел - әйелдің мәйітін, ер адам - ер адамның мәйітін жуған болуы керек. Әйел еркектің денесін, еркек әйелдің денесін жуа алмайды. Жуатын ешкім табылмаса, таяммум соқтырады. Әйел өзінің күйеуінің денесін жуа алады. Еркек қайтыс болған әйелінің денесін жуа алмайды.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1 Имам Кәсәни (рахимаһуллаһ): «Бәдәиъус санаиъу».
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?