Ассаляму алейкум! Әйел адам үзір халінде болғанда (қан сипатты бөлінді тоқтаусыз келетін болса), дәретті әр намазға жаңартып отыру кейде қиынға соғады. Сонда тампон қолданып, дәреттің бұзылуын алдын алуға бола ма? Әлде бәрібір дәрет жаңарту керек пе? Райгүл.
|
«Истихазаға» қатысты...
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Райгүл, үзір қаны болып саналатын «Истихаза қаны» кезінде тампон қолданған күннің өзінде әр уақтылы намаз үшін дәретті жаңартып тұруы керек. Тампонды қолдануға болады, дегенмен ол - дәреттің бұзылмауын қамтамасыз етпейді. Бұған қатысты «әл-Фәтәуәл – Һиндияда» былай делінген:
«Нифас қаны немесе Истихаза қаны келген әйелдер мақта қойып, қанды тоқтатса да «нифасты» немесе «истихазалы әйел» үкімінен шықпайды»[1].
Алла жеңілдігін берсін!
[1] Фәтәуәль Һиндия – 1/46 бет.
Истихаза - хайз немесе нифас кездерінен тыс уақыттарда келетін үзір қаны.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?